Я переехал на новое место -http://baurzhan.info/blog
тут обновлений больше не будет!
Көшіп кеттім! Жаңа адресім жоғарыда көрсетілген. Бұл блог осы қалпы қала береді. Маңызды мақалаларды жаңа жерге көшіремін.
Читать далее...
четверг, 2 июля 2009 г.
понедельник, 29 июня 2009 г.
Жаңа Mozilla Firefox 3.5 браузері 30 маусым күні шығады

Mozilla Foundation фонды Firefox браузерінің 3.5 нұсқасын 30 маусым күні шығарады, деп хабарлайды Webmonkey блогы, Mozilla өкілдеріне сілтеме жасап. Бұл браузердің соңғы релиз-кандидат нұсқасы өткен аптаның аяғында шыққан.
Firefox 3.5 браузердің негізінде парақтарды көрсету движогы Gecko 1.9.1 жатыр. Оған қоса, Firefox 3.5 браузері жекелік шолу режимін мен TraceMonkey технологияларын ұсынады. Соңғысы JavaScript өңдеуге арналып, браузердің өнімділігін арттырады.
Firefox 3.5 браузері Windows, Mac OS X және Linux негізіндегі операциялық жүйелер үшін нұсқалары бар. Браузер, қазақ тілін қоса санағанда, әлемнің 70 тіліне аударылған.
Қазіргі кезде қолданылуы бойынша Mozilla Firefox дүние жүзінде екінші орынды алады. Пайдаланушылардың 20-25 пайызы оны қолданады. Бірінші орында Microsoft Internet Explorer браузері, оны 65-70 пайыз пайдаланушылар қолданады.
via lenta.ru
Читать далее...
Ярлыки:
Firefox 3.5,
Mozilla Firefox
Linux әдістемелері туралы - олар керек пе?
Блогты бастаған бері, Линуксты қолдану жөнінде толық әдістемені жасау ойым болған, қазір басқаша ойлап отырмын. Көбінесе адамдар Убунтуды бірінші дистрибутив ретінде қолданады, бірақта онда тұрған қиын ешнәрсе жоқ, Гуглдан іздесеңіз, неше түрлі, неше тілдегі әдістемелерін табасыз. Оларды аударуға өзім үшін пайдасын көрмеймін, сапасы аз аударма болатын шығар. Линукс тарихын қараған едім, википедияда барлығы де толығымен жазылған. Өзімді қызықтырмайтын жұмысты істеуге қа-а-а-ты-ы-ы ұнатпаймын. Сөйтіп, әлі ойланудамын. "Убунтудың үлкен кітабы" биыл шықпайтын сияқты ;).
Читать далее...
Читать далее...
Ярлыки:
личное
пятница, 26 июня 2009 г.
четверг, 25 июня 2009 г.
Аудармашыға нұсқаулар!
Есімнен шығып кетпес үшін
Бағдарламалық қамтаманы қазақ тіліне аудармашыға нұсқау (орысша)
Бұл әдістеме Майкрософт материалдары негізінде жасалған
Краткая инструкция по редактированию файлов переводов (Свободное ПО)
Біздің форумның локализация тармағы
Читать далее...
Бағдарламалық қамтаманы қазақ тіліне аудармашыға нұсқау (орысша)
Бұл әдістеме Майкрософт материалдары негізінде жасалған
Краткая инструкция по редактированию файлов переводов (Свободное ПО)
Біздің форумның локализация тармағы
Читать далее...
Gastarbaiter Times
Қызық жазады екен бұл қазақ блогшысы, бірақта, "подписаться" дегені жоққой ол блоггта! Вордпресске көшу керек сияқты ;)
Читать далее...
Читать далее...
среда, 24 июня 2009 г.
ArchLinux туралы

ArchLinux дегеніміз не?
Arch Linux - бұл тәуелсіз, i686/x86-64 қоғамдастықпен өндірілетін дистрибутив, rolling-release өндіру түріне негізделген (үздіксіз жаңартылу), тәжірибелі GNU/Linux пайдаланушыларға арналған, үлкен репозиторийларды, дестелерді басқарудың ыңғайлы жүйесін және ports ұқсас дестелерді жинау жүйесін ұсынады. Өндіру минимал, элегант, кодтары әдепті және замаңға сай болуды талаптарын өз алдына қояды. Дистрибутивтың бірінші нұсқасы, 0.1 (Homer) 2002 жылдың 11 наурызында шықты.
Артықшылықтары
Arch жылдам, жеңіл, икемді және қарапайым. Arch i686 және x86-64 үшін арналған, ол деген, сіз өз процессорыңыздың мүмкіндіктерін толық қолдана аласыз. Red Hat және оған ұқсастармен салыстырғанда, Arch өте жеңіл, ал оның қарапайымдылығы оны керек түріне дейін кеңейтіп, керек жүйеңізді алуға болады.
Дестелерді басқарудың бірегей менеджеріБинарлы дестелердің pacman жүйесі қолдануда жеңіл, бүкіл жүйеңізді жаңарту үшін бір-аз команда керек. Оған қоса, Arch ports жүйесіне ұқсас дестелерді жинау жүйесін (Arch Build System) қолдануға мүмкіндік береді, ол да бір командамен синхрондалады. Орнатылған жүйеңізді деп бір-ақ командамен қайта жинай (жасай) аласыз. Барлық әрекеттері жеңіл де, пайдаланушыдан жасырылмаған.
Ең жақсысын қолдануArch Linux бағдарламалық қамтаманың ең соңғы нұсқаларын ұсынуға тырысады. Қазіргі кезде біз шектеулі жүйелік дестелерге және саны тез өсетін, экстра дестелердің Arch Linux өндірушілері мен пайдаланушылары жасаған жинағына қолдау көрсетеміз.
Ең бастысы - қарапайымдылықҚарапайым және жеңіл болу мақсатымызға жету үшін, біз жүйеден Linux-тың пайдасы төмендеу бөлігін, /usr/doc және info парақтарын алып тастадық. Man парақтары болса, жеткілікті. Ал, жергілікті орнатылған құжаттама керек болса, ол бөлек дестелердің ішінде бар.
Заманға сай мүмкіндіктеріArch Linux, Linux-тың құрамында бар жетістіктердің барлығын қолдануға тырысады, яғни, файлдық жүйелер (Ext2/3/4, Reiser, XFS, JFS және т.с.с.), LVM2/EVMS, software RAID, udev және т.б.
Қосымша ақпаратArch Linux басты парағы, форумдары, ресми құжаттамасы бар. Көбірек білгіңіз келсе, Arch жолы құжатын оқыңыз.
Читать далее...
Подписаться на:
Сообщения (Atom)


